Астанада тректегі велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді

6 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
olympic.kz

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс 8-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.

«Сарыарқа» велотрегі елдің ең мықты шабандоздарын қабылдайды. Олар ұлттық чемпион атағы мен жаңа маусымдағы алғашқы рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Бәсекелер ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер де қатысады.

Тэгтер:

Велоспорт қысқы чемпионат