Қазақстанда қара шайдың кейбір түрлерін сатуға тыйым салынды

6 қаңтар, 2026 / Інжу Әлихан
Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес, бірқатар қара шай түрлерін елге әкелуге және сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында аталған шайлардың тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтіні анықталған. Атап айтқанда, кейбір қара шайлардың құрамынан шайға қолдануға рұқсат етілмеген тағамдық бояғыштар табылған. Олар – сары «Күн батуы» (E110), тартразин (E102) және понсо 4R (E124).

Сонымен қатар, зерттеу кезінде шай қаптамаларында өндірілген және қапталған орындар туралы шындыққа сәйкес келмейтін мекенжайлар көрсетілгені белгілі болды. Бұл өндірушілердің тиісті рұқсат құжаттары болмауы мүмкін екенін көрсетеді.

Осыған байланысты төмендегі қара шай маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды:

Мамандар тұтынушыларға шай сатып аларда өнімнің қаптамасына, құрамына және өндіруші туралы ақпаратқа мұқият қарауға кеңес береді.