Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

6 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.  

2026 жылғы 6 қаңтарда Балқаш, Қызылорда, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.