Матаевтың жазасы рақымшылық заңы бойынша жеңілдетілді
Матаевтың жазасы рақымшылық заңы бойынша жеңілдетілді
Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев рақымшылық заңына ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сейітқазы Матаевқа "Рақымшылық туралы" заңының 4-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағына сәйкес рақымшылық жасалды. Яғни оның жазасының тең жартысы қысқартылады", - деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. Осылайша, 2017 жылы 2 наурызда шыққан Алматы облысының Қапшағай қалалсық сотының үкімімен Сейітқазы Матаев колонияда әлі 2 жыл 11 ай отырады. Еске салайық, 2016 жылы 3 қазанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты даулы іс бойынша үкімін шығарды. Бүгін судья Ақболат Құрмантаев Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев пен оның ұлы - "ҚазТАГ" ақпараттық порталының бас директоры Әсет Матаевқа қатысты үкімін шығарды. "Матаев Сейітқазыға алты жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойынша ұйымдастыру-үлестіру, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты функцияларды атқару істерімен байланысты қызметтерге тағайындалу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтесін. Үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасы алып тасталсын. Ол сот залында күзетке алынсын", - деп оқыды үкімді судья Ақболат Құрмантаев.