Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджерінде таралған хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжатты міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек деген дауыс хабарламасы шындыққа жанаспайды.
Расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», - делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Айта кетелік, бұған дейін ІІМ өкілдері рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралған хабарламаға пікір білдіріп, оның жалған екенін айтқан еді.