Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген

4 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Маңғыстау облысы Бейнеуде жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген, деп хабарлайды Lada.kz.

Екі жасөспірім жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген. Оқиға 30 желтоқсан күні сағат 03:00 шамасында Жылқыбаев көшесінде болған.

Полиция жасөспірімдердің кім екенін анықтады.

"Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде болғаны анықталды", - дейді полицияда.

Ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.