Теміртауда жаңа жылдық безендіруді қасақана бүлдірген ер адам қамауға алынды

3 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Теміртау тұрғыны жаңа жылдық безендірулерді қасақана бүлдіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

33 жастағы Теміртау тұрғынының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде орнатылған жаңа жылдық безендірулерді қасақана бүлдірген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулік мерзімге қамау жазасы тағайындалды.