Мексика президенті тікелей эфирдегі баспасөз мәслихатын шұғыл тоқтатып тастады

Бүгін, 23:36 / Өтей Торғайұлы

Мексиканың оңтүстік-батысындағы Герреро штатында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлаған.

Орталық дерегіне сай, жер сілкінісінің эпицентрі халқы 187 мың болатын Чильпансинго қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 42 км тереңдікте болған. Қаза тапқандар, зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ Герреро штатындағы жер сілкінісі жөніндегі ескертулер Ұлттық сарайда естілгеннен кейін Мексика президенті Клаудия Шейнбаум күнделікті баспасөз мәслихатын уақытша тоқтатқаны хабарланды.

Баспасөз мәслихаты YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілген. Сиреналар іске қосылып, жер сілкінісі туралы дабыл берілген соң, Шейнбаумның сөйлеп тұрған сөзі үзіліп қалған.
 

Тэгтер:

Мексика Клаудия Шейнбаум