3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана мен Көкшетау жолдарында көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде қар және боран, күндіз бұл құбылыстар батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда сақталады. Жолдарда көктайғақ, кей жерлерде тұман болады.
Түркістан облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман болжанады. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында батыс, солтүстік және орталық бөлігінде көктайғақ пен тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында түнде қар күтіліп, ал күндіз облыстың шығысында қар жауады. Оңтүстік пен шығыста боран, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа дейін артады.
Атырау облысында солтүстік және шығыс аймақтарда тұман мен көктайғақ болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік, батыс және солтүстік бөліктерде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерде тұман болады. Кей жерлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ, кей жерлерде тұман болжанады.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. Кейбір аудандарда тұман болуы мүмкін.
Жамбыл облысында солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман болжанады. Таулы жерлерде жел 15–20 м/с-қа дейін, кей тұстарда 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда тұман болады. Кейбір аудандарда жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде тұман болжанады.
Жетісу облысында түнде және таңертең орталық және таулы аудандарда мезгіл-мезгіл тұман түседі. Кей жерлерде жел 17–22 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда қар, төменгі боран және көктайғақ болады. Кейбір аудандарда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік-батыста аздаған қар және боран күтіледі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.