"Жеке тұлғамын": Шерхан Қалмырзаның анасы желіде ұлына қатысты пікір білдірді

2 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы жуырда өткен «Қызық Times» бағдарламасында қонақ болды. Бағдарлама барысында жас футболшы командаластарымен бірге сахнаға шығып, "Жыл оқиғасы" номинациясымен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы сәтті көрермендер қатарында отырған Шерханның анасы да тамашалаған. Оның көз жасына ерік берген сәтін және аналық махаббатын желі қолданушылары асқан сүйіспеншікпен жазған. Сондай жазбалардың біріне Сәуле Рабаева пікір білдірді.

"Құрметті оқырман қауым! Шерханның анасы ретінде бірнеше сөз жаза кетейін! Біріншіден: Алла бәріңізге тек бақ-берекесін берсін. Жұғысты болсын! Екіншіден: Мен медиа саласында 15 жылдан бері өз орны бар жеке тұлғамын. Ол дегеніміз, барлық тележоба, кино саласы, концерт болсын - бәрі әріптестерім! Жеке өзіме шақырту келеді! Үшіншіден: Сізге сондай бақыт бұйырса анаңыз қуансын алдымен, балаңызға бақыт берілсе, сіз қуаныңыз! Өзгенің білуі қызық емес маған. Аллам көруші, білуші. Несібесін береді!", - деп жазды ол.

Тэгтер:

Футбол Қайрат Шерхан Қалмырза Сәуле Рабаева