"Сотқа дейін барамын": Балжан Бидаш жанкүйерлеріне жазба арнады

2 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде өзінің есімін пайдаланып, алаяқтық әрекеттер жасап жүргендер жайында базынасын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің аты-жөнін және суреттерін заңсыз пайдаланғандарға шүйліккен.

"Енді жетпегені осы еді. Бұған да сеніп жүрген адамдар бар. Мына фэйк аккаунт осы ісін тоқтатпаса, сотқа дейін барамын деп шештім", - деп жазды Балжан Бидаш.

Сондай-ақ ол жалған аккаунттың жазбаларын скриндеп, тыңдармандарын сақтыққа шақырған.

"Осы күнге дейін Балжан неге сонша интернет платформаға жарнама жасап жүр деп ойлаушы едім", "Сонда өтірік пе? Промокод терсең не болады?", "Күтпей бірден сотқа бер", "Е, бәсе, мен бұған не болған деп жүрсем", - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Балжан Бидаш фэйк