Павлодар облысы әкімінің ет тұздап жатқан фотосы қызу талқыға түсті

2 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Павлодар аймағын басқаратын Асаин Байханов әлеуметтік желідегі бейресми парақшасының белсенділігін арттыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жолы ол желіде ет тұздап жатқан сәтте түсірілген фотосын жариялады. 

"2026 жылдың алғашқы кешін кім қалай өткізіп жатыр? Мен болсам соғымды реттеп, қазы тұздауға кірістім. Қатаң сынға алмаңыздар, Інішектің түсіріп алған фотосы", - деп жазды әкім.

Бұл сурет желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Тіпті айтыскер ақын Аспанбек Шұғатай да жазба астына пікір қалдырып кеткен: "Қазы жеуге болатын еді". Оның бұл пікірін әкім де елеусіз қалдырмаған.

"Шақырамын сені, бауырым. Қазы ішекке салынды. Енді сәл кепсін", - деп жауап берді Асаин Байханов.

Тэгтер:

Әкім Павлодар облысы ет тұздау