Apple алғаш рет көп жылдан бері дәстүрге айналған үрдістен бас тартып отыр, биыл компания жаңа iPhone моделін шығармайды. Яғни, 2026 жылы iPhone 18 шықпайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компания енді барлық модельді бір уақытта емес, кезең-кезеңімен шығаруды жоспарлап отыр. Алдымен қымбат нұсқалар сатылымға шығады, кейін ғана қолжетімді модельдер ұсынылады.
Күзде Apple iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және алғашқы жиналмалы iPhone Fold моделін таныстырады. Ал базалық iPhone 18 тек 2027 жылдың көктемінде сатылымға шығуы мүмкін.