Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы екі айдан бері табылмай жатыр

Бүгін, 16:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

25 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғыны аға-жеңгесі мен олардың балаларының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтып, арыз түсірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйлерінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері оралмаған.

— Полиция қызметкерлері олардың жүрген жерін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Басқа өңірлердің полиция бөлімшелеріне де бағдарлама жіберілді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін, — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.

Аталған адамдардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан құқық қорғау органдарына 98-20-78, 98-20-88 нөмірлері арқылы хабарласу сұралады.

Тэгтер:

Полиция Атырау іздестіру