Шығыс Қазақстанда үш автокөлік жолдан ұшып кеткен

Бүгін, 15:05 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Өскемен – Семей автожолының 40-шақырымында үш автокөлік жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған жылдамдықты асыру, сондай-ақ жол жағдайы мен ауа райы жағдайы ескерілмеуі себеп болған.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қажетті көмек көрсетті және көліктерді эвакуациялауға жәрдемдесті.

Полиция азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, қыс мезгілінде қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтау мен рөлде аса мұқият болуға шақырады.

 

Тэгтер:

Автокөлік жол Шығыс Қазақстан