Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:55 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2026 жылғы 2 қаңтарда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.