Жаңа жылдың алғашқы күні танымал қазақстандық диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов көліктері бұзылып тас жолда қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны жолаушылардың бірі жариялаған. Оның айтуынша, ол Ақсуға (Павлодар облысы) дейін таксиге тапсырыс берген, алайда жол үстінде көлік сынып қалған. Сол сәтте Иманбек көмекке келіп, адамдарды өз көлігімен межелі жеріне дейін жеткізіп салған.
«Жаңа жылдың алғашқы күнінде мұны жақсы ырымға балаймын», — деді видеоны жариялаған бойжеткен.