Үш облыста жол ашылды — ҚазАвтоЖол

Бүгін, 07:25 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты үш облыста жабылған жол учаскелері таңғы 7:00–де ашылатынын хабарлады. 

— 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 07:00–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.

Батыс-Қазақстан облысы

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысы

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).

Атырау облысы

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).