Елбасы Құл-Мұхаммедті қабылдады

Елбасы Құл-Мұхаммедті қабылдады

Елбасы Құл-Мұхаммедті қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды. М.Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, Елбасыға партия өкілдерінің өңірлердегі жұртшылықпен кездесулерінің қорытындылары және күнделікті қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берілді.