Ақмарал Әлназарова: 2025 жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін өзгерістер жылы болды

31 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болды. Мемлекет басшысының қолдауымен медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтуден бастап инфрақұрылымды жаңғыртуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға дейін маңызды шешімдер қабылданды. Нәтижелер қазірдің өзінде жалпы өлім 2,6%-ға, онкологиялық аурулардан болатын өлім - 6,3%-ға төмендеді, сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге — -18,7%-ға жетті, 2025 жылы өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін өседі деп күтілуде.  Қазақстан БҰҰ-ның Адами даму индексінде 7 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 60-орынға ие болды. 2025 жылы МӘМС-ті жетілдіру туралы заң қабылданды - жаңа жылдан бастап 1 миллионға жуық адам қосымша медициналық көмекке қол жеткізе алады. Онкоскринингтер кепілдендірілген пакетке ауыстырылды, бұл сақтандырылмаған азаматтардың қамтуын кеңейтті. Дәрігерлерді құқықтық қорғау күшейтілді - зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Біз алғашқы көмекті, ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейттік, онкологиялық қызметті жаңғыртып, Орталық Азиядағы алғашқы Протондық терапия орталығын аштық, ауылдық денсаулық сақтауды дамытып, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатырмыз. Бұл қадамдардың барлығы — ең бастысы: әр азаматтың денсаулығы мен амандығы үшін", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Тэгтер:

Ақмарал Әлназарова