Доллар бағасы қымбаттады

Бүгін, 17:03 / Алуа Арман
istockphoto.com

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 505,53 теңгені құрап, 3,02 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 31 желтоқсанға белгіленген ресми бағамы — 502,57 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,60 теңгеден сатып алынып, 515,97 теңгеден сатылуда. Еуро 592,01–602,03 теңге аралығында саудаланса, рубль бағамы 6,14–6,41 теңге шегінде.

Астанада АҚШ валютасы 509,66 теңгеден сатып алынып, 515,66 теңгеден сатылуда. Еуроны 591,84 теңгеден сатып алып, 601,84 теңгеден сатуға болады. Рубль 6,24 теңгеден сатып алынып, 6,50 теңгеден сатылуда.

Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,14 теңгеден сатып алынып, 513,07 теңгеден сатылуда. Еуро 590,85–604,05 теңге аралығында, ал рубль 6,25–6,38 теңге деңгейінде саудалануда.

Ал 30 желтоқсандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 502,57 теңгені құрап, 1,58 теңгеге төмендеген еді.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор