«Қайрат» клубынан кеткен Александр Заруцкий «Ақтөбе» клубының қақпашысы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Ақтөбе» футбол клубы хабарлады.
«Александр қазақстандық жанкүйерлерге өзінің сенімді ойынымен және асқан шеберлігімен жақсы таныс.
Өткен маусымда «Қайрат» сапында ойнап, команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосқан еді. Енді ол «Қобыланды батыр» стадионында ақ-қызыл түстерді адал қорғайтын болады!
Заруцкийге ақтөбелік ұжыммен бірге жаңа белестерді бағындырып, қақпасына доп өткізбесін деген тілек айтамыз», – делінген хабарламада.