Абай облысының тасжолынан 35 адам эвакуацияланды

Бүгін, 16:39 / Алуа Арман

Құтқарушылар Абай облысында трассадан 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолаушылары бар автобус Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылы маңындағы «Зайсан – Өскемен» тасжолындағы блокбекетте тоқтаған.

Автобуста болған 35 адам, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырылды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Тэгтер:

Абай облысы тасжол трасса