Ауа-райына байланысты үш облыста жол жабылды

Бүгін, 15:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 14:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

Батыс-Қазақстан облысы

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысы

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).

Атырау облысы

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179-189  шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Жолды 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

тасжол трасса