Қызылордада жас жігіттер мал ұрлап, оны сойып жатқан жерінде қолға түсті

Бүгін, 11:42 / Алуа Арман
polisia.kz

Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Тэгтер:

Қызылорда Мал ұрлығы