Шығыс Қазақстанда автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды

Бүгін, 10:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өскемен – Новосібір бағытындағы автобустың жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жолаушылардың айтуынша, ер адам өзін автовокзалдың өзінде-ақ жайсыз сезіне бастаған. Ол оларға жақында жүрегіне операция жасалғанын айтқан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.

«Автобус Бажов көшесімен келе жатқан кезде 57 жастағы жүргізушінің жағдайы кенеттен нашарлаған. Екінші жүргізуші жедел медициналық жәрдем шақырды. Өкінішке қарай, ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Автобус жүргізуші рөл