Жүк көлігімен жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты

Бүгін, 09:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылғы 22 шілдеде Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде тіркемесі бар жүк көлігі велосипедпен келе жатқан, кәмелетке толмаған жасөспірімді қаққан. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын және шын жүректен өкінуін таныды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, оған  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне өтеледі.

Сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Тэгтер:

Жүк көлігі Жол апаты Қостанай жүргізуші