Ұлттық банк ақбөкен мен арқар жаңа монеталарды айналымға шығарды

Бүгін, 09:17 / Інжу Әлихан
Ұлттық банк

Ұлттық банк "Қазақстанның жануарлар әлемі" сериясымен бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.

Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, салмағы – 6,45 грамм, диаметрі – 24,5 мм, әр түрінен 3 000 000 (үш миллион) дана, жалпы таралымы – 15 000 000 (он бес миллион) дана.

Монеталар Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы монеталармен қатар еркін айналымға арналған және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылады.

Монеталар елдің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.