Ақтауда полициядан қашпақ болған есірткі тасымалдаушылар жол апатына ұшырады

Бүгін, 07:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақтауда есірткі тасымалдаушылар полициядан қашпақ болды.

Пошта сәлемдемесін алған сәтте күдіктілер полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, көлікпен қашуға әрекеттенген. Қуу барысында олар белгісіз ораманы жол жиегіне тастап, одан әрі қозғалысын жалғастырған.

Кейін көлік жол апатына ұшырап, күдіктілер жаяу қашпақ болған кезде ұсталды.

Оқиға орнын қарау кезінде героин табылды.

Күдіктілердің есірткі пайдаланғаны анықталды.