Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

30 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Жапонияда 30 желтоқсанда магнитудасы 5,5 болатын күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жазылған.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 17:12-де Рюкю архипелагының аралдары маңында тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 6,9 мың адам тұратын Вадомари елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде болған. Ошақ 10 км тереңдікте орналасқан.
 

Тэгтер:

жапония жер сілкінді