«Бетімен кетіп барады»: Белгілі әнші блогер Қайсарға шүйлікті

Бүгін, 21:39 / Өтей Торғайұлы

Бағлан Әбдірайымов блогер Қайсар Хамзаның түсіріп жүрген контентіне қарсылық білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл туралы пікірін әлеуметтік желіде жазған.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе” — деп айтқан еді Мұхтар Әуезов. Елім, жерім деп өткен ата-бабаның аруағы ұрып, осы баланы қара басып жүрмесін! Біз — қасымызда жүрген, бізге қарап бой түзейтін жастарға қалай дұрыс тәрбие берсек деп алаңдайтын ел азаматтарымыз. Қолымыздан келгенше жаман қылыққа жол бермейік деп жүреміз. Ал мына палуан шектен шығып, бетімен кетіп барады. Ақылға келіп, түзелгенің дұрыс. Тым кеш болып кетпесін. Ақыретіңді ойла. Ақырзаманның белгісіне айналып жүрме. Оқып отырған ата-анасы, ағайын-туысы, нағашылары болса, жөнге келтіріңіздер — өтініш!", - деп жазды Бағалан Әбдірайымов.

Тэгтер:

әнші блогер Бағлан Әбдірайымов Қайсар Хамза