Биржада доллар бағасы 503 теңгеден төмен түсті

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 502,57 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,58 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 30 желтоқсандағы ресми доллар бағамы — 504,76 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 505,77 теңге, сату бағамы — 510,21 теңге.

Астана қаласында долларды орта есеппен 495,41 теңгеден сатып алып, 509,75 теңгеден сатып жатыр.

Шымкент қаласында долларды орта есеппен 507,51 теңгеден сатып алып, 509,92 теңгеден сатуда.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы:

— 22 желтоқсанда 2,55 теңгеге төмендеді;

— 23 желтоқсанда 4,98 теңгеге төмендеді;

— 24 желтоқсанда 0,88 теңгеге өсті;

— 25 желтоқсанда 1,34 теңгеге өсті;

— 26 желтоқсанда 7,44 теңгеге төмендеді;

— 29 желтоқсанда 0,52 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор