Қазақстан қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге жұмсады

Бүгін, 16:37 / Алуа Арман
СБК

XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген қаржы көлемі 13,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы соманың ішінде:

585 млн теңге – федерациялар бөлді;

5,3 млрд теңге — республикалық бюджеттен;

6,2 млрд теңге — жергілікті бюджеттен;

1,2 млрд теңге — Туризм мен спортты қолдау қорынан бөлінді.

— Бапкерлік құрамға әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысу тәжірибесі бар жоғары деңгейлі мамандар енді. Спортшыларымыздың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін Германия, Нидерланд, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шорт-трек және биатлон бойынша ТОП деңгейдегі 13 шетелдік бапкер-кеңесші тартылды, - деді министр.  

Тэгтер:

Ербол Мырзабосынов қысқы олимпиада