Ерейментау ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында Білім бөлімінің еңбекақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтеліп, 1 732 мұғалімдердің еңбек құқықтары қорғалды.
Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.