Астанада автобус аялдамасының жанынан ер адамның мәйіті табылды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасында оның көктайғақ салдарынан тайып құлап, қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адам ес-түссіз күйде Астана қаласындағы А 108 көшесінде, №20 үйдің маңындағы автобус аялдамасынан табылған.
«Жедел жәрдем бригадасы биологиялық өлімді тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.