Қазақстан жастар құрамасының және «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза жамбылдық «Тараз» клуб сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Тараз» клубының директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
«Шерхан Қалмұрзаға қызығушылық танытып жатырмыз. Ертең ұсыныс тастап диалог құра бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», - деп жазды ол.