Адам зеріккеннен шаршайды – нейробиологтар

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Нейробиологтардың зерттеуі адамның шаршауы көбіне энергияның сарқылуынан емес, мидың зерігуінен туындайтынын көрсетеді. Ғалымдардың айтуынша, адамдар күрделі тапсырмалардан гөрі қарапайым, бірсарынды жұмыстардан тезірек шаршайды, деп хабарлайды turkystan.kz The Conversation-ге сілтеме жасап.

Бірсарынды әрекет кезінде ми істің мағынасын «көрмей», назарды басқа жаққа бұра бастайды. Әлеуметтік желілерді шексіз парақтау, орындықтан тұрып кету немесе «шай ішіп келу» осының белгісі. Бұл – мотивацияның төмендеуінен туындайтын когнитивті қорғаныс механизмі.

Зерттеушілер мәселені шешудің қарапайым жолын ұсынады. Жалпы «жұмыс істеу» емес, 20–30 минутқа нақты мақсат қою керек. Мысалы, үш абзац жазу, он тапсырма шешу немесе он бес хатқа жауап беру. Тапсырманың күрделілігін біртіндеп арттыру да миды сергек күйде ұстайды. Ал шаршау сезіле бастаса, екі минуттан аспайтын қысқа үзілістер аса тиімді.

Тэгтер:

шаршау нейробиолог зерігу