Республика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлім-жітім көрсеткіші халықтың 100 мыңына шаққанда 61 жағдайға дейін азайған, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылы 42 мыңнан астам жаңа жағдай анықталды, диспансерлік есепте 246 мың науқас тұр.
Диагноз қойылғаннан кейін 5 жыл және одан да көп өмір сүретіндердің үлесі 63%-ға дейін өсті.
Ерте диагностика деңгейі 33%-дан асты.
Сәулелік терапияға арналған жаңа сызықтық үдеткіштер енгізіліп, заманауи дәрі-дәрмектерге қолжетімділік кеңейтілді.
ПЭТ/КТ-ның 2 орталығы ашылды (позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография — қатерлі ісікті дәлірек анықтауға көмектеседі).
Онкоскринингтер сақтандырылмаған азаматтардың барлығына қолжетімді, ал 2026 жылдан бастап жасанды интеллекті қолдана отырып өкпе обырына пилоттық скрининг іске қосылады.