Семейлік полицейлер көпірден секірмек болған қызды құртқарып қалды

Бүгін, 11:11 / Інжу Әлихан
Абай облысы ПД

29 желтоқсанда түнгі сағат 03:50 шамасында Семейлік қыз көпірден секірмек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына патрульдік полицияның экипажы жедел түрде жіберілді. Әр секундтың қадірін терең түсінген тәртіп сақшылары уақытпен санаспай, адам өмірін сақтауды басты міндет ретінде алға қойды.

«Оқиға орнына келген «Барыс-647» патрульдік экипажының құрамындағы БПП қызмет инспекторы полиция лейтенанты Елдар Каримханов пен БПП қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Бақтыбек Кушумбаев көпірден секірмек болған қызды ұстап қалып, кәсіби әрі сабырлы әрекет етіп, азаматшаны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Алайда олардың ерлігі тек жедел әрекетпен шектелген жоқ. Полицейлер азаматшамен жылы сөйлесіп, сабырға шақырып, оның жан дүниесіндегі ауыр күйді түсінуге тырысты», - делінген хабарламада.

Қамқорлық пен жанашырлық таныта отырып, әр сөзін байыппен тыңдап, өмірдің ең басты құндылығы — адам өмірі екенін сезіндіре білді. Сол сәтте тәртіп сақшылары тек заң өкілі емес, қолдау көрсеткен жанашыр азамат ретінде көрінді.

Қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттерінің арқасында жағдай толықтай тұрақтандырылып, азаматшаның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.