Астана әуежайында 15 ұшақ тоқтатылды

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайында бүгін күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты – жаңбыр жауып, мұз қатқан. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі уақытта ахуал төмендегідей:

ұшып келу:

– 11 рейс кешіктірілді;

– 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты) тоқтатылды;

ұшып шығу:

– 4 рейс кешіктірілді.

«Кешігулердің негізгі себебі – ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе кемелерінің кеш келуі», – деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметі.

Жолаушыларға ұсынылады:

– онлайн-таблодағы жаңартуларды қадағалау;

– әуе компанияларының ақпаратын бақылау;

– терминалдағы хабарландыруларға назар аудару.

Тэгтер:

Әуежай Ұшақ Рейс