5 облыста жол жабылды

Бүгін, 09:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 5 өңірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлады.

Ақмола облысы

- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);

- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

- «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);

- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);

- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды:

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

- «Теміртау – Ақтау – Бастау» автожолының  0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)

Павлодар облысы

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

автожол тасжол трасса