Тұрсынғали Алагөзовтің бір күндік образының құны 131 млн теңгеге жетті

Бүгін, 06:16 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал сәнгер әрі фэшн-блогер Жансая Әміршәріпқызы кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсынғали Алагөзовтің бір күндік киім үлгісінің жалпы құнын есептеп шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогердің айтуынша, кәсіпкердің бір образы шамамен 131 млн теңгеге бағаланған. Ол Тұрсынғали Алагөзов киген брендтік бұйымдарды жеке-жеке есептеп, олардың нарықтағы құнын көрсетті.

Атап айтқанда, аяқ киім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге, сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге, алқа (Prada) – 461 мың теңге, көзілдірік – 514 мың теңге, қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге, футболка (Christian Dior) – 473 мың теңге, ал күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге деп көрсетілген.

Желі қолданушылары кәсіпкердің қымбат образына қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбірі таңданысын жасырмаса, енді бір бөлігі сән мен бағаға сын айтты. Пікірлер арасында «Бір футболкасының бағасына бірнеше мезгіл киінуге болады», «Ақша бар, талғам жоқ», «Осы қаржыға бірнеше үй салуға болады» деген сынды жазбалар кездеседі.