«Ерке болып көрінермін»: Ақбота-Нұр өзінің болмыс-бітімі жайлы сөз қозғады

29 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы
коллаж turkystan.kz

Кешью тобының экс-солисті, әнші Ақбота-Нұр Абайқызы әлеуметтік желіде жаңа образымен суреттерін жүктеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші өзінің табиғи болмысына баға беріп, жазба жариялады.

Шындығында табиғатымыз бір ғана қалыптан тұрмайды. Кейде мен айналама қырсық та, ерке болып көрінермін, ал кейде салмақты, тым байсалды, өмірді терең түсінетін ересек адамның бейнесінде.. Мен әрдайым бірдей көрінбеймін ,бұл тұрақсыздықта емес, болмысымыздың көпқырлылығынан болса керек. Егер мен сізге айна болсам, айтыңызшы.. Менің қай қырым сізге көрініп тұр? Адамдар өзгелердің бойынан тек іздегенін табады демеушіме еді..!", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің образына өз пікірлерін білдірді.

"Сұлулық эталоны", "Адалдық, ұқыптылып, тазалық,ақөнілділік", "Әдемілікті, табиғи сұлулықты, жанарыңыздағы әдемі күлкіні,әдемі фигураны, әдемі бейнедегі қас сұлудың өзін көріп тұрмын", - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

әнші Актриса Ақбота-Нұр