Қызылордадағы пәтерде 3 бала қамалып қалған

Бүгін, 17:45 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Қызылорда қаласындағы пәтерде 3 бала қамалып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде кіреберіс есіктің құлпы кептеліп қалып, пәтер ішінде 2017, 2018 және 2020 жылы туған балалар болған.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген мекенжайға жедел жетіп, арнайы слесарлық құралдардың көмегімен есікті ашты.

 Балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ.