30-31 желтоқсанда ауа-райы қандай болады?

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салқын антициклон Қазақстан аумағын тастап, оңтүстіктен келетін жылы циклонға жол береді. Осыған байланысты кейбір өңірлерде жауын-шашын болып, ауа температурасының көтеріледі.

Синоптиктердің мәліметінше, 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар және боран күтіледі. Ұлытау облысында жауын алдымен жаңбыр болып, кейін қарға ауысуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын көбіне жаңбыр түрінде өтеді. Жалпы республика бойынша жолдарға мұз қатып, тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы да өзгереді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі температура -2°…+3°С дейін көтеріледі. Республика оңтүстігінде осы күндері ауа +5…+15°С дейін жылынады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет қыс Жаңа жыл Желтоқсан