Қостанай облысы Лисаков қалалық сотында кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылықты немесе бұзақылықты жасау фактісі бойынша азаматша П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соттың ақпаратынша, 2025 жылдың 10 желтоқсаны күні сағат 10:30 шамасында Лисаков қаласында азаматша П., 2011 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының ата-анасы бола тұра, оның жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында сабақ үстінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуына жол беріп, осылайша ұсақ бұзақылық жасауына жол берген.
Сот отырысында П. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді және баласымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін, оның мұғалімнен кешірім сұрағанын түсіндірді.
Істің мән-жайларын және әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, азаматша П. кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Айыппұлдың мөлшері ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес азайтылып, нәтижесінде жалпы сома 19 267 теңгені құрады.