Абай облысында қасқыр атып алған аңшы айыппұл төледі

Бүгін, 15:24 / Інжу Әлихан
Абай облысы ПД

Абай облысының Көкпекті ауданында 28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмастан қасқырды атып, Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары дереу шара қолданды.

«Азаматқа әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес рұқсатсыз аң аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, құқықбұзушымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, табиғатты қорғау ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді», - делінген ақпаратта.

Полиция өкілдері қасқыр сияқты жыртқыштардың табиғи қоректік тізбектің маңызды бөлігі екенін ескертеді. Әрбір аң-құстың өмірі – табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды. Сондықтан рұқсатсыз аң аулау тек заңға қарсы әрекет қана емес, сонымен бірге экологияға да зиян келтіреді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, жануарлар дүниесін қорғауға және рұқсатсыз аң аулаудан бас тартуға шақырады. Табиғатты қорғау – әрбір адамның жауапкершілігі, себебі әрбір тіршілік табиғаттағы тепе-теңдіктің болашағына әсер етеді