Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

Бүгін, 14:04 / Алуа Арман
polisia.kz

24 желтоқсан күні Бейнеу ауданының полиция бөліміне белгісіз екі адамның Боранқұл елді мекенінің маңында заңсыз киік тасымалдап жүргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.

25 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында Боранқұл ауылында тұрғынның ауласында тұрған автокөлікке тінту жүргізілді.

Автокөліктің артқы жүксалғышынан сирақтары кесілген, ішек-қарны алынған 8 бас киіктің өлексесі табылды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

күдікті Киік Маңғыстау