Өскеменде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 12:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бір аптадан астам уақыт бұрын Өскемен қаласының тұрғыны Ринат Ахметов жұмыс орнынан шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

21 желтоқсанда жоғалып кеткен ер адамның туыстары полицияға жүгінген.

«Іздеу шараларын жүргізу барысында іздеуде болған ер адамның денесі көзге көрінетін дене жарақаттарынсыз табылды», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

мәйіт Өскемен жоғаолу