Президенттің Жарлығымен «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді

Бүгін, 12:10 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған», - делінген хабарламада.